Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда бүлікшілер баспанасы талқандалды


Ауғанстан мен халықаралық күштер елдің солтүстігіндегі Жалалудин Хаккани жауынгерлерінің кешенді баспанасын талқандады.

Қорғаныс министрлігі мен НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік күштері таратқан мәлімдемеде, содырлардың көбісі өлтіріліп, қарулары алынды делінген.

Бұл операция Пәкістанмен шекаралас Пактика провинциясының Ургун ауданындағы таулы мекендерде жүргізілген.

Жалалудин Хаккани 1980 жылдары Совет одағының басқыншылығына қарсы күрескен моджахедтер қолбасшысы, кейін ол талибандар қатарына қосылған.
XS
SM
MD
LG