Accessibility links

Мәскеу соты Қадыровтың шағымын қарай бастады


Мәскеудегі Тверской соты Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың құқыққорғаушыға қарсы түсірген шағымын қарай бастады. Азаттық радиосы орыс қызметінің хабарлауынша, Қадыров адам құқықтары бойынша «Мемориал» орталығының басшысы Олег Орловты «ар-ожданыма нұқсан келтірді» деп айыптап, сотқа берген.

Шілденің 16-да Мәскеуде өткізген баспасөз маслихатында Орлов Қадыровты Шешенстандағы құқық қорғаушы Наталья Эстемированың өліміне қатысы бар деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG