Accessibility links

Шабдарбаев журналист Есіргеповтің үкіміне қатысты пікір айтты


Қазақстанның ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев тәуелсіз «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповке қарсы сот үкіміне орай пікір білдірді. Шабдарбаевтың арнайы мәлімдемесін ҰҚК баспасөз қызметі таратты.

«Есіргепов үкіммен келіспейтін болса, оның шағымдану тәртібі заңда көрсетілген», - деді Амангелді Шабдарбаев.

«Бұл кісі заңды біле тұра бұзды және жауабын тартты. Оның кінәлі-кінәсіз екендігін, ҰҚК төрағасы емес, сот шешті. Тергеу Есіргеповтің заңды бұзғандығын көрсететін дәлелдер жинады, сот соның негізінде үкім шығаруға жеткілікті деп тапты. Тергеу прокуратура органдарының бақылауымен жүргізілді», - делінген Шабдарбаевтың мәлімдемесінде.

8 тамызда Тараз қалалық № 2 соты «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповты үш жылға соттады. Халықаралық ұйымдар апелляциялық инстанцияны Рамазан Есіргеповке шығарылған үкімді жоюға шақырды.
XS
SM
MD
LG