Accessibility links

Польша II-ші Дүниежүзілік соғыстың басталғанын атап өтуде


Польшада осыдан 70 жыл бұрын II-ші Дүниежүзілік соғыстың басталған күніне арналған еске алу шаралары өтіп жатыр. Еске алу шаралары германия соғыс кемесінің польшалық әскерді нысанаға алып Балтық жарты аралында бастаған жерінде өтті.

Оған Польша жетекшілері қатысып, Гданск маңындағы алғаш шабуылға тап болған ел қорғаушы жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Польша премьер-министрі Дональд Туск фашистік Германия күштеріне қарсы күресіп, өмірлерін қиған әскерлерді мадақтап сөйледі.

Германия басқыншылығынан кейінгі екі аптадан соң, Совет әскері Польшаның шығысына әскерін кіргізген.

Польшдағы соғыстың 70 жылдығын еске алу шараларына Германия мен Ресейдің президенттері бар 20 елдің жетекшісі қатысады. Германия фашистері 1939 жылдың 1-ші қыркүйегінде Польшаға соғыс бастаған.
XS
SM
MD
LG