Түркия мен Армения өзара дипломатиялық қарым-қатынастарды қайта жаңғыртуға келісіп, ғасырға созылған өшпенділікті тоқтатуға бет алды.
Дүйсенбі күні жарияланған мәлімдемеде екі жақты келіссөздердің алты аптаға созылатындығы, содан кейін дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы мен өзара әріптестік дамуының белгісі ретінде екі хаттама қабылданатындығы айтылған.
АҚШ бұл бастаманы қолдайтындығын мәлімдеп, өздерінің бұл екі үкіметпен жақынырақ жұмыс істеуге дайын екенін атап көрсетті.
Түркия мен Арменияның араздығы 20-шы ғасырдың басында, Осман империясында Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында және одан кейін 1,5 миллион армян қырылғаннан бері жалғасып келген еді.
Армения мұны «геноцид» деп атады. Түркия оны жоққа шығарып, 200 мыңға жуық армян соғыс қимылдары мен азаматтық күрес барысында құрбан болғандығын айтады.