Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Таяудағы он жылда мемлекет пен қоғам бес басым бағытты назарға алуы керек


Бүгін Астанада қос палатаның біріккен отырысында парламент сессиясын ашқан ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел өміріндегі бірқатар жайттар мен экономикалық мәселелерге айрықша тоқталып өтті.

«Біз биыл еліміздің жалпы қаржы жүйесін тұрақтандыра алдық. Ағымдағы жылдың 7 айында экономикаға берілген инвестиция көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға артты, экономиканы несиелеу шаралары да тұрақты жалғасуда», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы жарты жылдықта инфляция деңгейі біршама төмендеп, жинақталған активтер көлемі триллион теңгеден асқан, ал елдің халықаралық резервтерінің мөлшері 42 миллиард АҚШ доллары көлемінде тұрақтанған. Биылғы жылдың 2-тоқсанында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 19 пайызға артқан.

Сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі республикаға үлкен жауапкершілік артумен бірге үлкен мүмкіндіктер туғызады деген мемлекет басшысы: «Таяудағы он жылда мемлекет пен қоғам бес басым бағытты назарға алуы керек — дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындарды әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету, сонымен бірге ұлтаралық татулық пен қауіпсіздікті қолдау», — деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG