Accessibility links

Әзірбайжан Түркменияның теңіз базасы жоспарына қарсы


Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Елхан Полухов сейсенбі күні өз елінің Каспий теңізін «қарусыздандыруды» қолдайтындығын және бұған Түркменстанның теңіз базасын салу туралы дүйсенбі күні жариялаған жоспары қайшы екендігін мәлімдеді.

Полуховтың айтуынша, Әзірбайжан «қарулану емес қарусыздануды қолдайды».

Дүйсенбі күні Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түркменбашы портты қаласында теңіз базасын салу Каспиидің экономикалық белсенділігін қорғау мен халықаралық террорлық топтардан түркмен халқын қорғауы үшін қажет деген.

Орталық Азиядағы ең ірі газ экспортаушы Түркменстан мен Әзірбайжан Каспий теңізіндегі бірнеше мұнай мен газ кешендері бойынша дауласып келеді. Түркмен президенті өткен айда өз үкіметіне даулы мәселені халықаралық сотқа шығаруды тапсырып, Әзірбайжанды мұнай-газ саласында біржақты дамыту жұмыстарын жасап жатыр деп айыптаған.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG