«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевтің ісі бұрынғы тергеуші Дамир Орманбетовтің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты қайта қаралмайды, өйткені бұл қылмыстық істің Күлекеевтің ісіне қатысы жоқ, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы Жақсыбек Күлекеевтің ісін зерттеуші бұрынғы тергеуші Дамир Орманбетовке халықаралық іздеу жариялаған болатын.
«Агенттіктің ішкі қауіпсіздік басқармасы қаржы полициясы органының бұрынғы қызметкері, алаяқтық дерегі бойынша сырттай айыпталған Дамир Орманбетовтің бюджет қаржысын жымқырғанын әшкереледі. Қазір оған сот санкциясымен мемлекетаралық іздеу жарияланды», — деді Мұрат Жұманбай.