Accessibility links

Беларус полициясы 2 белсендіні тұтқындады


Беларус полициясы Светлогорск қаласында Коммунистік партияның екі белсендісін тұтқындады. Азаттық радиосы Беларус қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар дағдарысқа қарсы кітапшалар мен "Товарищ" газетінің соңғы санын таратып жүрген болатын.

Светлана Михалчанка мен Валер Рыбчанка қазір абақтыда отыр. Полиция олардың неге қамауға алынғандығы туралы түсініктеме бермеді. Рыбчанканың айтуынша, полиция департаментінің басшысы орнында болмағандықтан полиция қызметкерлері тұтқындалған белсенділермен не істеу керектігін білмей отыр.
XS
SM
MD
LG