Бейсенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде су қоймаларының қауіпсіздігіне қатысты үшкүндік халықаралық конференция басталды. Жиында 1911 жылғы зілзала салдарынан пайда болған Сарез көлі мен тағы басқа су бөгендерінің қауіпсіздігі талқыланады.
Мамандар егер Сарез көлі тасып кететін болса Орталық Азияның оңтүстік-шығыс аймақтары мен Ауғанстанның солтүстік-шығысы су астында қалуы мүмкін деп қауіптенеді.
Душанбедегі конференцияда сондай-ақ Ресейдің көмегімен Тәжікстанда салынған су электр станциясы мәселесі де талқыланбақ. Сібірдегі Саян-Шушенск апатынан кейін осы су электр станцияларына байланысты алаңдаушылықтар айтылып отыр.
Шетелдік журналистердің конференцияға қатысуына тыйым салынды.