Accessibility links

Косовода албандар мен сербтер қақтығысты


Өткен түнде Косовоның солтүстігіндегі Косовска Митровица қаласында этникалық албандар мен сербтер арасында қақтығыстар орын алды.

Полицияның хабарлауынша, қақтығысқан жақтар бір-біріне тас лақтырған, кейінірек албандардың ауылында жарылыстар болған. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

Сербиядан бөлініп шыққан Косово тәуелсіздігін жариялаған соң оны 62 ел, олардың ішінде АҚШ пен Еуропа Одағы мойындады. Ал Сербия мен Ресей Косовоның тәуелсіздігін мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG