Accessibility links

Олег Киселев: Ресейде А/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаны сынаудан өткізу басталмақ


А/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаны клиникалық сынаудан өткізу 10-қыркүйектен кейін басталады, — деп хабарлады Ресей медициналық ғылым академиясының академигі Олег Киселев.

«Клиникалық сынақ 7-қыркүйек күні өткізілуі керек болатын, бұл 3-4 күнге кейін шегерілетін сияқты. Сынақ мерзімі бір айға созылады, содан кейін оны тіркеуден өткізіп, өндіріске енгізу басталады. Алғашқы кезеңде эпидемиологиялық ахуалға байланысты вакцинаның 10 -нан 20 миллионға дейінгі мөлшері қажет болады, бұл кезең үшін артық ақшаның керегі жоқ», — деді Киселев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG