АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс президент Барак Обаманың Ауғанстандағы террорлық ұйымдарды жоюға бағытталған стратегиясы «енді ғана жұмыс істей бастайды», — деп мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бұл істің нәтижесін күтуге әлі уақыт керек. Вашингтондағы баспасөз мәслихатында сөз алған Гейтс Ауғанстандағы американдық жауынгерлерді шығарудың мезгілі жетті деп есептейтіндермен келіспейтіндігін айтты.
Осы жылғы 27 наурыз күні АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан мен Пәкістандағы өз әкімшілігіне жаңа стратегиясын ұсынған болатын. Онда АҚШ-тың Ауғанстанға биыл тағы 4 мың қосымша әскер беретіні мен Пәкістанға көрсетілер көмектің көлемі ұлғаятыны айтылған.