Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Ауғанстанның солтүстігінде бүгін екі отын танкері жарылды. Ресмилердің айтуынша, жарылыстан ондаған адам қаза тапқан болуы мүмкін. Әлгі танкерлерді Талибан бүлікшілері тұтқындап, жанар-жағармайды ауыл тұрғындарына таратып жатқан кезде жарылыс болды деп хабарланып отыр. Жарылысқа не себеп болғандығы белгісіз бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, әскери ұшақ танкерді атқылаған.

Құндыз өлкесінің әкімі Мохаммад Омар бұл жарылыстан 90-ға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін деп отыр. НАТО күштері осы өлкедегі бүлікшілерді нысанаға алып, әуеден соққы бергенін хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG