Accessibility links

Ингушетиядағы жарылыстан 3 полицей қаза болды


Ресей билік орындарының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Ингушетия республикасында орын алған жарылыстан 3 полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жараланған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мадина Хаджиеваның мәлімдеуінше, машинада отырған әлгі полицейлер Даттых ауылынан өтіп бара жатқан кезде жарылыс болған.

Соңғы айлары Солтүстік Кавказ аймағында зорлық-зомбылық әрекеттері көбейген болатын. Маусым айында Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровқа қастандық жасалған-ды. Өткен айда полиция бекетіне жасалған шабуылдан 21 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG