Қырғыздың адам құқтары бойынша комитетінің төрағасы Рамазан Дырылдаев, жұма күні таратқан мәлімдемесінде, қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтистің сотын "қойылым", ал Евгений Жовтиске шығарылған үкімді «бұрмалау» деп атады.
«Адам құқықтары бойынша қырғыз комитеті өз наразылығын білдіріп, Евгений Жовтистің тез арада босатылуын талап етеді және халықаралық қауымдастықты Жовтистің босатылуына қол жеткізуге шақырады»,- деді ұйым төрағасы Рамазан Дырылдаев.
Евгений Жовтис жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деп айыпталып, Бақанас сотының үкімімен 3 қыркүйекте 4 жылға бас бостандығынан айырылды, құқыққорғаушыны сот залынан ұстап алып кетті.