Accessibility links

Биыл әлем экономикасы 1 пайызға болса да өседі


Экономиканың жандана бастауына қарамастан әлемнің дамыған 20 елі мен дамушы елдердің қаржыгерлері өз өнеркәсіптерін қолдау шараларын жалғастыра беруге келісті.
Дамушы елдердің қатарына Бразилия, Ресей, Қытай, Үндістан, Түркия сынды елдер кіреді.
Сенбі күнгі Лондондағы бас қосудан кейін дамыған 20 мемлекеттің қаржы министрлері экономиканың жақсаруы кері кетпейтіндей халге жеткенше оны ынталандыру шараларын жалғастыра беруге уағдаласты.
Халықаралық валюта қоры әлем экономикасы ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр дағдарыстан баяу болса да оңала бастағанын атап көрсетті. Бірақ 2010 жылы бұрынғы даму қарқынына жеткенше биыл тек 1 пайызға ғана өсетінін ескертті.
XS
SM
MD
LG