Accessibility links

Зәуреш Баталова: «Лайықты баспана үшін» қозғалысы БҰҰ-ға қайырылмақшы


«Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысы БҰҰ-ның адам құқтары жөніндегі кеңесіне қайырылмақшы. Бұл шешімді олар жақында Астанада өткізген рұқсат етілген митингте қабылдады, — деп хабарлайды Kazakhstan Today.

«Біздің митинг көптеген маңызды мәселелерді алға тартады. Қазақстан үкіметі мен «Самұрық-Қазына» қорына деген сенімсіздік білдіруді талқылау қажет. Астана қаласының әкімшілігі мен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сенімсіздік білдіріп, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған ашық хатты бекіту, БҰҰ-ға «Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысына қатысушылардан Қазақстандағы баспана құқы жөнінде үндеу қабылдау», — деді қоғамдық қозғалыстың жетекшісі Зәуреш Баталова.

Оның айтуынша, митингтің мақсаты — күш біріктіру. Сондай-ақ ол егер қазақстандық билік өздерінің хаттары мен акцияларына жауап беріп, уәде еткендей, осы күзде парламенттік тыңдау өткізбесе, ақпан айында бұл мәселенің БҰҰ-ның адам құқтары жөніндегі кеңесінде қаралатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG