Accessibility links

Үш қазақстандық Дондағы Ростовта есірткімен қолға түсті


Дондағы Ростовта Қазақстанның үш азаматы мен ресейлік азамат 1,2 килограмм героинмен ұсталды, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері Октябрь ауданындағы Комсомол алаңында үш қазақстандық пен Ресейдің бір азаматын қолға түсірді, олардың тұрғылықты мекен-жайын жеке тексеру барысында ресейлік азаматтың үйінен 1,2 килограмнан астам героин тәркіленді», — делінген агенттіктің хабарламасында.
XS
SM
MD
LG