Accessibility links

Германия басшысы ауған стратегиясын түсіндірмек


Бүгін парламентте Германия канцлері Ангела Меркель елдің Ауғанстандағы стратегиясын түсіндіреді. Ал бұл екі арада, Ауғанстандағы НАТО әуе шабуылынан қарапайым халықтың қаза болуына байланысты сыни пікірлер айтылуда.

Дүйсенбі күні құқық қорғаушы ауған тобы Құндыз өлкесінің Чар Дара ауданында орын алған әлгі шабуылдан 70-ке жуық қарапайым азамат құрбан болды деп хабарлады. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Францияның "Le Figaro" басылымына берген сұхбатында НАТО-ның әуе шабуылы неміс күштері тарапынан жасалған қателік болды деп мәлімдеді. Ал Германия болса өз қолбасшылығының шешімін ақтады.
XS
SM
MD
LG