Accessibility links

3 қарағандылық каратэ бойынша әлем чемпиондары атанды


Қарағандылық каратэ мектебінің үш тәрбиеленушісі жастар арасындағы әлем чемпиондары атанды. Сейсенбі күні ОАР-да аяқталған 13-17 жас аралығындағы жастар арасында каратэден шокотан стилі бойынша әлем чемпионатында үш қарағандылық жоғары марапатқа ие болды деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

Өздерінің салмақ дәрежесі бойынша Клим Рождественский және Николай Кожевников әлем чемпиондары атанды. Үшінші чемпион - Кирилл Ваганов.
XS
SM
MD
LG