Accessibility links

Боснияның бұрынғы әскери қызметкері тұтқындалды


Босния полициясы 1992-1995 жылдары Босния соғысында қарапайым азаматтарды өлтірді деген күдікпен бұрынғы мұсылман әскери полиция қызметкерін қамауға алды. Босния прокуратурасының баспасөз хатшысы Борис Грубесичтің мәлімдеуінше, Алижа Осмичке 1993 жылы Бугойно қаласында хорват тұтқындарын қинап-азаптап, өлтірді деген айыптар тағылған.

Қақтығыстың басым бөлігінде сербтерге қарсы одақтастар болған Босния хорваттары мен мұсылмандары 1993-1994 жылдары бір-бірімен соғысқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG