Accessibility links

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Ақтөбеге барады


Бүгін жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе қаласына баратын ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа әуежайға келген бойда «Бомбардье Аэроспайс» компаниясының ел аймақтары арасындағы авиарейстерді орындауға арналған «CRJ 900» әуе кемесі көрсетіледі деп жоспарланған, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ Н.Назарбаев орталық саябақ аумағындағы Бірлік және келісім бульварын ашып, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жоғары көміртекті феррохром шығаратын төртінші цех құрылысының іргетасына капсула салмақ.

Президент сапары бағдарламасына енгізілген маңызды нысандардың бірі — «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің құрылысы. Мегажоба құрылысының басталу салтанаты «Самара-Шымкент» республикалық тас жолында, Ақтөбеден бес шақырым жерде өтеді. Осы жерде транзитті дәлізге қатысушы үш құрылыс учаскесімен телекөпір өткізу жоспарланған.

Түстен кейін мемлекет басшысы Достық үйіне барады және Ақтөбенің 140 жылдығына орай орталық стадионда өтетін салтанатқа қатысады, сондай-ақ қаланың іргесіндегі жаңа теннис орталығын аралайды.
XS
SM
MD
LG