Accessibility links

Венесуэла Грузияның екі жікшіл аймағын тәуелсіз елдер деп мойындайды


Президент Уго Чавестің мәлімдеуінше, Венесуэла Грузияның жікшіл аймақтарын тәуелсіз мемлекеттер деп мойындайды. Бұл туралы Чавес бейсенбі күні Кремлде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында хабарлады. Чавестің айтуынша, Венесуэла бүгіннен бастап Оңтүстік Осетия мен Абхазияны егеменді мемлекеттер деп есептейді.

Ресей өткен жылы Грузиямен арада орын алған соғыстан кейін аталған екі аймақты тәуелсіз елдер деп мойындаған болатын. Осы уақытқа дейін әлем елдері арасында тек Никарагуа ғана бұл мәселеде Ресейді қолдады.
XS
SM
MD
LG