Accessibility links

Ресей әлемнің алпауыт елдерін Иранға ортақ жауап әзірлеуге шақырды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның жаңа ядролық ұсыныстары жұмысты талап ететін материал береді деп мәлімдеп, әлемнің алпауыт елдерін ортақ жауап әзірлеуге шақырды.

Теһранның келіссөздер өткізуге қатысты жасаған жаңа ұсыныстарын мұқият зерттеу керек деді Лавров. Ол сондай-ақ Ресейдің санкциялар қолдануға қарсы екенін қайталап айтты.

АҚШ, Қытай, Ресей, Бриатния, Франция, Германия елдері бүгін конференция өткізіп, Иранның ұсыныстарын талқылайды.

XS
SM
MD
LG