Accessibility links

Иранның рухани көсемі уағыз айтуда


Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей бүгін Теһранда маңызды уағыз айтады. Бұл оның маусым айындағы даулы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадты қолдаған соң жасап отырған алғашқы қоғамдық жолдауы. Хаменей Теһран университетінде жұма намазын басқаруда. Хаменейдің уағызын тыңдау үшін Иранның жоғары лауазымды ресми өкілдері жиналды.

Маусымның 19-ы күні Хаменей сайлауда бұрмалаушылықтар болмады деп мәлімдеп, жеңіліске ұшыраған үміткерлер сайлаудан кейінгі зорлық-зомбылықтарға байланысты жауапқа тартылады деп атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG