Accessibility links

Ұйғыр белсендісі: Қытай азшылық топтардың мәдениетін құртуда


Қуғындағы ұйғыр белсендісі демократиялық елдерді Қытай үкіметіне қысым жасап, Бейжіңнен азшылық топтарға қатысты саясатын өзгертуін талап етуге шақырды. АҚШ-та орналасқан Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің жетекшісі Ребия Қадир Қытайды елдегі азшылық топтардың мәдениеттерін құртуда деп айыптады. Бұл туралы ол Прагада Азиядағы адам құқықтарына қатысты конференцияда мәлімдеді.

Чехиядағы Қытай елшілігі Қадир мен Далай Ламаның конференцияға қатысуларына наразылық танытып, ұйғыр белсендісі «өзінің сеператистік көзқарасын» алға тарпақ болды деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG