Accessibility links

Әлемнің алпауыт елдері Иранмен келіссөз өткізуге үміттенеді


АҚШ пен оның халықаралық серіктестері Иранмен таяу арада келіссөздер өткіземіз деп үміттенеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Филип Кроули жұма күні хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, Иранның ұсыныстары ядролық сұрақтарға нақты жауап бермесе де, ол Теһранмен тікелей диалог бастауға мүмкіндік туғызады. Алайда Иран ядролық мәселе туралы келіссөз өткізуден бас тартса, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия қорытынды жасайтын болады деді Кроули.

XS
SM
MD
LG