Түркменстан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Гұрбангұлы Бердымұхаммедов Ашхабад өзінің газ экспорты жолдарын түрлендіруді қолдайды деп мәлімдеген.
Түркменстан "Мұнай, газ, электр қуаты саласындағы жұмысшылар мен геологтардың күнін" атап өтуде. Бердымұхаммедов Ауғанстан арқылы Қытай мен Пәкістан және Үндістан елдеріне газ экспорты жобасының сондай-ақ Еуропа Одағы қолдап отырған Набукко құбыры жобасының "керемет болашағы" туралы сөз қозғады. Бердымұхаммедовтың айтуынша, Түркменстан аталған жобалардың бәріне қатысты ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау үшін бай газ қорларына ие.
Түркмен президентінің бұл мәлімдемесі сенбі күні жарияланды. Дәл осы уақытта Бердымұхаммедов Қазақстанның Ақтау қаласында бейресми Каспий басқосуына қатысып жатқан болатын. Ақтаудағы саммитке Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркменстан президенттері жиналды бірақ оған Иран жетекшісі шақырылмады.