Accessibility links

Әнші Элтон Джон украиналық сәбиді асырап алғысы келеді


Ағылшын әншісі Элтон Джон бір жастан асқан украиналық баланы асырап алғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол сенбі күні Донецк каласындағы жетімдер үйіне барған кезде хабарлады.

Элтон Джон Украинаға өзінің СПИД қайырымдылық қорына байланысты сапар жасаған болатын. Бұл елде ВИЧ инфекциясы кең таралған. Донецкіде баспасөз маслихатын өткізген әнші жетімдер үйінде көрген Лев есімді сәби көңілімнен шықты, мен оны асырап алуды қалаймын деп мәлімдеді. Алайда серігім Дэвид Фурниш екеуіміз бұл баланы қалай асырап алатынымызды әлі білмейміз деді ағылшын әншісі.

62 жастағы Элтон Джон 200 миллионнан астам музыкалық шығармаларын сатып, әлемдегі ең сәтті әншілердің біріне айналған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG