Accessibility links

Іле полигонында халықаралық бітімгершілік жаттығулары басталады


Бүгін Қазақстан Қарулы күштері аэромобилді әскерінің Іле полигонындағы халықаралық арнайы бітімгершілік жаттығулары басталмақ, — деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Степной орел – 2009» деп аталатын оқу жаттығулары 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Оқу-жаттығудың бүгінгі ашылуына Қазақстанның қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР-ғы Ұлыбритания мен АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшілері, НАТО мен әскери дипломатиялық корпустың өкілдері келеді.

Бұл шараға Қазақстан және Ұлыбритания мен АҚШ-тың 1,3 мыңнан астам әскері мен 100-ден аса арнаулы техникалары, сондай-ақ әскери-транспорттық авиациясы қатысады.
XS
SM
MD
LG