Accessibility links

МАГАТЭ –нің жаңа директоры бекітілді


Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің жаңа директоры жапондық дипломат Юкия Амано болады.

Оның кандидатурасын бүгін Венада басталған МАГАТЭ –нің бас конференциясы ресми түрде бекітті. Агенттікті 12 жыл бойы басқарып келген Мохаммед әл-Барадей қараша айының соңында отставкаға кетеді.

МАГАТЭ –нің бас конференциясына Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов бастаған қазақстандық делегация да қатысуда.
XS
SM
MD
LG