Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Ресей билігін сынады


Ресей журналистер үшін әлемдегі үшінші қауіпті елге айналып отыр. Журналистерді қорғау комитеті Ресейде журналистердің өлімін ашу көрсеткіші өте төмен, бұған билік кінәлі деп мәлімдеді. АҚШ-та орналасқан бұл ұйымның атап көрсетуінше, 2000 жылдан бері 17 журналист өлтірілген, осы оқиғалардың тек біреуінде ғана қылмыскерлер жазаланған.

Журналистерді қорғау комитеті Ресей бұқаралық ақпарат құралдары өз-өзіне цензура енгізген, бұл елде билікті сынайтын журналистердің саны күрт азайған дейді.

Аталған ұйым сондай-ақ Ирақ пен Алжирді журналистер үшін ең қауіпті елдер қатарына енгізіп отыр.
XS
SM
MD
LG