Accessibility links

Жовтисті қолдау шарасы Варшавада өтті


Сейсенбі күні Варшавадағы Қазақстан елшілігі алдында танымал құқыққорғаушы Евгений Жовтисті қолдау пикеті өтті. Оны Польшаның азаматтық белсенділері ұйымдастырды. Пикетке қатысушылар Жовтистің азат етілуін талап етті.

Ал сәрсенбі күні Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында қырғыз құқыққорғаушылары Жовтисті қолдап, пикет өткізбекші. Қыркүйектің 16-ы күнгі шараны "Жемқорлыққа қарсы азаматтар" мен "Кылым Шамы" орталықтары ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар дүйсенбі күні Мәскеуде Қазақстан елшілігі алдында осындай пикет болып өтті.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
XS
SM
MD
LG