Accessibility links

Пикет өткізген Андрей Свиридовті полиция ұстап әкетті


Алматыдағы Арбат алаңында наразылық акциясын өткізген Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридовті полиция ұстап әкетті, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қолына «Евгений Жовтиске әділетті сот талап етемін» деген жазуы бар плакат ұстап, үстіне «Бүгін Жовтис, ертең сен» деген жазуы бар жейде киіп Арбатта жарты сағат пикет өткізген Андрей Свиридовті полиция Әкімшілік кодекінің 373 -бабы негізінде хаттама толтырып, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына алып кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG