Accessibility links

Оппозиция президенттің өмір бойы тақта отыруына қарсы


Бүгін Алматыда оппозиция басшылары билікшіл партияның Назарбаевты өмір-бақилық президент етіп қалдыру туралы бастамасына байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Азат» және Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының жетекшілері Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбай соңғы кезде сөз болып, осы аптада «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолдау тапқан президетті өмірінің соңына шейін билікте қалдыру туралы бастамаға қарсы екендіктерін мәлімдеді.

«Жиырма жылдық жеке-дара және ауысымсыз басқару Қазақстан өмірінің барлық жағының дамуына орны толмас шығын келтірді, өркениетті әлемде біздің еліміздің бәсекеге қабілетсіз болуын анықтап берді. Әсіресе, саяси жүйеге келтірілген зиян аса қауіпті» — деді өз мәлімдемелерінде оппозициялық партия жетекшілері.

«Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов: «егер президенттің өмір бойғы таққа отыруы туралы ой жүзеге асырыла бастаса біз республика бойынша наразылық акцияларын өткіземіз. Одан өзге қазірдің өзінде осы ұсынысқа қарсы азаматтардың қолын жинауды қолға алып жатырмыз». — деді.
XS
SM
MD
LG