Accessibility links

АҚШ өкілі Митчелл Бейрутта


АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчелл Ливан ресмилерімен келіссөз өткізу үшін Бейрутқа барды.

Оның алдында Митчелл Израильде болды. АҚШ өкілі мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху қоныстардың кеңейтілуін тоқтату жөніндегі келісімге байланысты келіссөздерін жұма күні жалғастыруға келісті.

Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимдегі басып алынған жерлерде еврейлердің қоныстарын кеңейтуді тоқтату жөніндегі келісім бейбітшілік келіссөздерін қайта бастау үшін маңызды боп табылады.

АҚШ президенті Барак Обама осы айдың аяғында БҰҰ бас ассамблеясы барысында Нетаняху мен Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббастың саммитке қатысуын қалайды.
XS
SM
MD
LG