Accessibility links

Жерінен айырылған «Кришна санасы» қоғамы үкіметке қайырылды


Алматы облысы Қарасай ауданының Елтай округінде орналасқан «Кришна санасы» қоғамы өздері орналасқан жерді қалдыруды сұрап, ҚР үкіметіне қайырылды.

2009 жылдың 16 –қыркүйегінде аталған қоғам Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқановтан 15 га жер телімін бөлуді сұраған еді.

"Кришна санасы" қоғамының хабарлауынша қазақстандық билік олардың 26 мүшесінің үйін бұзған. Оларға тиісті жер телімдері тартып алынып, қайта сатылып кеткен. Баспанасыз қалған бұрынғы жер иелеріне өтемақы да, гуманитарлық көмек те көрсетілмеген.

Сонымен қоса бұл қоғамға ресми түрде тиесілі 47,7 га жерді де тартып алған. Бұл жерде Қазақстандағы Кришнаның жалғыз шіркеуі орналасқан.

Өткен жылы «Кришна санасы» қоғамына, қазір қоныстанып отырған жерінің орнына жергілікті билік Іле ауданынан жер телімін ұсынған болатын. Қоғам өкілдері «ұсынылған жер ескі бейіттің орны мен қоқыс төгетін жер болғандықтан» аталмыш ұсыныстан бас тартқан еді. Қоғам өкілдері билік осы жер телімін ауыстырып беру туралы өтінішімізге де құлақ асқан жоқ деп отыр.

Осы жағдайларға байланысты үкіметке қайырылған «Кришна санасы» қоғамы 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тиіс Қазақстан билігі тарапынан өздерінің жер мәселесі оң шешімін табар деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG