Accessibility links

Норвегияда Жовтисті қолдау шарасы өтті


Парламенттік сайлауларды бақылау үшін Норвегияға барған ТМД елдерінің азаматтық қоғам белсенділері қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтистің ісі бойынша соттың әділ өтуін талап етті. 37 белсенді қол қойған мәлімдемеде Жовтиске қатысты сот үдерісінде заңбұзушылықтардың болғандығы айтылған. Белсенділер бұл мәлімдемесін сәрсенбі күні Норвегиядағы Қазақстан өкілдігіне тапсырған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жовтисті қолдау шаралары Алматы, Мәскеу, Бішкек, Варшава қалаларында да ұйымдастырылды.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған-ды.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG