Accessibility links

Гондураста комменданттық сағат енгізілді


Гондурастың уақытша үкіметі барлық әуежайларды жауып тастап, ел әскерін жоғарғы дайындық жағдайында ұстауда.

Бұл шаралар осы жылы маусым айында шетке қуылған президент Мануэл Селайидің күтпеген жерден елге қайтып оралғандығымен байланысты болып отыр.

Қуғындағы саясаткер ел астанасы Тегусигальпадағы Бразилия елшілігін паналады. Бұл ғимараттың маңайына Селайи жақтастары көптеп жиналғандығы хабарланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон президент Селайидің қайтып оралуы қақтығыстарға ұласпауы керектігін айтып, бұрынғы басшы мен уақытша үкіметті өзара келіссөздер өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG