Accessibility links

ДСҰ: Қазақстанның қаржы нарығы қауіпте


Дүниежүзілік Сауда Ұйымының сейсенбі күні кешкісін хабарлауынша, Қазақстан мен Украинаның банк дефолтарының қаупі қаржы базарына салдарын тизуі мүмкін.

ДСҰ-ның хатшылығы өз баяндамасында, жалпы үлкен банктер үшін қаржы саудасының ағымы дамыған. Алайда Африка, Орталық Америка, негізгі Шығыс Еуропа елдері, кірісі аз оңтүстік-шығыс азия елдері және Орталық Азия елдерінде ол сауда ағымы жетіспей жатыр делінген.

ДСҰ бұлардың ішінде Қазақстан мен Украинадағы жағдайға ерекше тоқталған. Бұл екі елде банктерге төнген қауіп өте жоғары және банк дефолты жүйелі түрде сауда базарына салдарын тигізеді деген алаңдаушылық танытылған.
XS
SM
MD
LG