Accessibility links

Питтсбургте «үлкен жиырмалық» саммиті басталады


Бүгін американың Питтсбург қаласында әлемнің жетекші мемлекеттерінің басшыларының қатысумен «үлкен жиырмалықтың» саммиті басталады.

Екі күнге созылатын саммит барысында экономика өсімін қамтамасыз ету және климаттың ғаламдық өзгерісімен күрес мәселелері талқыланады.

АҚШ президенті Барак Обама әлемдік экономикада тепе-теңдіктің бұзылуының зардаптары туралы баяндама жасайды деп хабарланды. Бұл уақытта Қытай секілді ірі экспорттаушы елдер сауда профициті мен валюта қорларын молайтқан, АҚШ және басқа да елдер ұлғайып бара жатқан бюджет дефициті проблемаларымен күресумен болды.

Өз кезегінде, еуропалық елдердің басшылары және Бразилия қаржы нарығындағы реттеу мәселелерін талқылайды.
XS
SM
MD
LG