Accessibility links

Қазақ диссиденті Кәрішал Асанов. Өмір белестері

Кәрішал Асанов – он шақты кітаптың авторы, қуғындалған жазушылар мен журналистерге берілетін халықаралық Хеллман – Хэммет сыйлығының лауреаты. Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығының иегері.

Кәрішал Асанов жұртқа билік пен президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған адам ретінде танылған. «Президент Назарбаевтың ар-намысын қорлаған» деген айыппен ол екі рет қылмыстық жауапқа тартылған. ​Оның күреске толы тағдырын білетіндер Кәрішал Асановтың билікпен тіл табысып, қамсыз өмір сүру мүмкіндігі болғанын, бірақ, шындықты бетке айтатын қайсарлығымен ешқандай билікке жақпағанын айтады.
Түгел оқыңыз

Диссидент Кәрішал Асанов. Алматы, 1990 жыл. Кәрішал Асанов – советтік Қазақстандағы бірлі-жарым диссиденттердің бірегейі. Қонаевтың тұсында оның аузын аштырмады, Колбин тұсында қуғынға ұшыратты. Оппозициямен достасқан емес, одан бойын аулақ ұстады. Ол өмірден өз жолы, өз шындығы бар адам болып өтті.
1

Кәрішал Асанов (оң жақта) Талдықорған облысындағы Жетісу колхозында. 1957 жылы институтты бітірген соң Кәрішал Асанов Талдықорған облысындағы Жетісу колхозына орта мектеп мұғалімі болып жолдамамен барды. Арада бір ай өтпей жатып, аудандық партия комитетінің бюросында оны оқу ісінің меңгерушісі қылып бекітеді де, бірден партия мүшелігіне кандидат етіп қабылдайды. Ол заман - жоғары білімді адамдардың тапшы кезі.
2

Кәрішал Асанов Қыздар педагогикалық институтының акт залында. Бұл - 1960 жыл, ол бойдақ болатын. Кәрішал Асанов мектеп, кейіннен студенттік жылдары да әдебиетпен, поэзиямен әуестенді. Ара-тұра көңіл қошы келгенде өлең, мақала жазып жүрді. Бірнеше өлеңі «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Жиналып қалған қаламақыға қатқан қара кәстөм сатып алған күні де болды. Қылшылдаған жас жігітке қиыла қараған күлімкөздер де аз болмаған.
3

Кәрішал Асанов (оң жақтан екінші) Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, этнография және археология институтында қызмет істеген әріптестерімен бірге.
4

Тағы

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG