Accessibility links

Ауғанстанда 5 АҚШ сарбазы құрбан болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі шабуылдардан 5 американдық сарбаз қаза тапты. АҚШ пен НАТО күштері бұл аймақта Талибанға қарсы операцияларын күшейткен болатын. Әлгі жауынгерлердің үшеуі бейсенбі күні бомба жарылысынан мерт болса, біреуі оққа ұшқан, ал бесіншісі тексеру бекетіне жасалған шабуылдан қаза болған.

Осы жылы Ауғанстанда 360-тан аса шетел сарбазы опат болды. Бұл 2001 жылы Талибан билігі құлатылғаннан бергі шетел күштері үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып тұр.
XS
SM
MD
LG