Accessibility links

Ирақ президенті: Иранға санкциялар енгізілмесін


Ирақ президенті Жалал Талабани Иранға қарсы жаңа санкциялар жұмыс істемейді дейді. Израиль немесе кез келген басқа елдің Ирақ жерінен Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауына ешқашан мұрсат етілмейді деп ескертті Талабани.

Ирақ президентінің мәлімдеуінше, әлемнің алпауыт елдері Иранмен "нағыз келіссөз" жүргізіп, Теһранның бейбіт мақсатта ядролық энергияны пайдалану құқығына кепілдік беруі тиіс.
XS
SM
MD
LG