Accessibility links

Режиссер Полански Швейцарияда тұтқындалды


Цюрих кино фестивалінің ұйымдастырушылары Швейцарияда танымал режиссер Роман Поланскидің тұтқындалғанын хабарлады. Сыйлықпен марапатталуы тиіс болған Полански АҚШ-тың талабымен қамауға алынды дейді ұйымдастырушылар. Алайда Цюрих полициясы бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасамады.

АҚШ 13 жасар қызбен жыныстық қатынаста болған Поланскиге 1978 жылы іздеу жариялаған болатын. Польшада дүниеге келген Франция азаматы Полански "Розмаридің баласы" және "Пианист" деп аталатын кинотуындылары үшін танымал режиссерге айналған-ды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG