Гуантанамо абақтысынан босатылған 2 өзбек азаматы жексенбі күні Ирландияға барды. Әділет министрі Дермот Ахерн бұқаралық ақпарат құралдарын әлгі азаматтардың жеке өміріне араласпауға шақырды.
АҚШ күштері бұл азаматтарды 2001 жылы Ауғанстанда қамауға алып, Кубадағы Гуантанамо түрмесіне жапқан болатын.
АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Обама әкімшілігі Гуантанамо түрмесін жабу туралы жариялағаннан бері ондағы тұтқындардың 17-сі азат етіліп, шетел мемлекеттеріне тапсырылған.