Accessibility links

Польша мен Франция Роман Поланскиді бірлесіп босатпақ


Польша мен Франция АҚШ-тың сұрауымен Швейцарияда ұсталған белгілі режиссер Роман Поланскиді босату ісін бірге қолға алмақ ниетте.

Хабарларға қарағанда, Польшаның сыртқы істер министрі Радек Сикорски өзінің француз әріптесі Бернар Кушнермен бірге Швейцария билігінен 76 жасар режиссерді босатуын өтініп, АҚШ президенті Барак Обамадан оны кешіруін сұрауды жоспарлап отыр.

Полански – Польшада туылған Франция азаматы – сенбі күні Цюрихте ұсталды, жергілікті кинофестиваль оған сыйлық тапсыруы тиіс болатын.

АҚШ 13 жасар қызбен жыныстық қатынаста болған деген айыппен Поланскиге 1978 жылы іздеу жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG