Accessibility links

Үнді мен Пәкістан министрлері келіссөз өткізді


Үндістан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері С.М.Кришна мен Шах Мехмуд Қуреши (Shah Mehmood Qureshi) екі елдің арасындағы қарым-қатынасты қалпы келтіру жолдары бойынша келіссөз өткізді, бірақ екіжақты келіссөзді жалғастыру туралы келісімге жете алмады.
Министрлер БҰҰ-ның Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеясының сыртында 2 сағат бетпе-бет сөйлесті. Кришна келіссөздің «ашық әрі үйлесімді» өткенін айтса да, ресми Делидің Исламабадтан содырларға қарсы, оның ішінде өткен жылы Үндістанның Мумбай қаласына шабуыл жасаған содырларға қарсы тиянақты іс-шара қолданғанын күтетінін мәлімдеді. Осы қастандықтың салдарынан 160-тан астам кісі құрбан болды.
Өз кезегінде Қуреши осы қастандық бойынша 7 күдіктінің соты 3 қазан күні жалғасатынын хабарлады. Ол, сондай-ақ, үнді министріне екі елдің қарым-қатынасын жақсартудың «жол картасын» ұсынғанын айтты. Бірақ «жол картасының» жай-жапсарын хабарламады.
XS
SM
MD
LG