«Республика – деловое обозрение» газетінің меншік иесі және бас редакторы БТА Банкке, апелляциялық инстанцияның шешімін күтпестен, 20 миллион теңгеден моральдық шығынды төлеп тастамақ ниетте.
Бұл қаржыны олар БТА Банктің өзінің евробондымен өтеуді жоспарлап отыр. Бас редактор Гузяль Байдалинованың айтуынша, газеттің меншік иесі - «DPA» ЖШС-нің құрылтайшысы мен өзінің иелігінде әрқайсысы 133 мың АҚШ долларына бағаланатын халықаралық облигациялар бар.
Құнды қағаздардың қаншаға сатып алынғаны коммерциялық құпия дейді Байдалинова, бірақ ол бұл құпияны БТА Банк бағалы қағаздарды қабылдап алған жағдайда ғана жариялауға уәде берді. Егер банк құнды қағаздармен есеп айырыспаған жағдайда, ЖШС құрылтайшысы мен Гузяль Байдалинова Медеу аудандық сотына, одан оң нәтиже шықпаған жағдайда Англия сотына шағымданбақ.
9 қыркүйекте Алматыдағы Медеу аудандық соты "Республика" газетінің үстінен шағым түсірген БТА Банктің пайдасына 60 млн теңге өндіріп беру жөнінде шешім шығарған еді.